ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ ҮДЕРІСТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс. Мұндай сайлау қоғамдағы ашықтықты, жауапкершілікті және азаматтық белсенділікті нығайтуға ықпал етеді.
Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – өзінің азаматтық ұстанымын білдірудің заңды әрі маңызды жолы. Сайлау мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық үдерістерге жауапкершілікпен қарау – ортақ міндетіміз.
Алдағы Құрылтай депутаттарын сайлау барысында азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз. Саналы таңдау – қоғамның тұрақты дамуы мен жарқын болашағына қосылған маңызды үлес.
Әрбір дауыс маңызды. Азаматтық белсенділік – берік қоғамның негізі.
